ШұғылЕлімізде өткен тәулікте пневмониядан 10 адам қайтыс болды

Мәдениет министрлігі Astana-Premier Tech пен Александр Винокуров арасындағы жайдан бейхабар

Тур де Франс турнирінің басталуына үш күн қалғанда Александр Винокуров қызметінен босатылды

Александр Винокуров, фото: ria.ru

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал велошабандоз Александр Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар.

Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбаған.

«Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады. Қазір «Астана» Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр.Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Тур де Франс турнирінің басталуына үш күн қалғанда «Астана» велоклубын ұзақ жылдар бойы басқарған Александр Винокуров қызметінен босатылды.