25.06.2021, 03:29
Жаңалықтар
Тур де Франсқа үш күн қалғанда Александр Винокуров қызметінен босатылды
Оның адвокаттары қызметін қайта қалпына келтіру үшін жұмысты бастап кетті
«Астана» клубын ұзақ жылдар бойы басқарған Александр Винокуров қызметінен босатылды. Бұл туралы L'Équipe журналы жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жылдың басты додасы Тур де Франсқа үш күн қалғанда спорт менеджері Александр Винокуров жұмысынан босатылғаны туралы хабарлама алған.
2012 жылғы Олимпиада чемпионы «Астана» клубының негізі қаланғаннан бері құрамында болған. Мансабын аяқтаған соң басшылыққа келді.
Жұмысынан босатылудың ресми себебін Александр Винокуровтың өзі растамай отыр. Оның адвокаттары қызметін қайта қалпына келтіру үшін жұмысты бастап кетті.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды