24.07.2021, 11:10
Спорт
Токио-2020: теннисші Елена Рыбакина екінші айналымға шықты
Ол аустралиялық қарсыласын екі сетте жеңді
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиада ойындарын сәтті бастады. Алғашқы айналымда жерлесміз аустралиялық Саманта Стосурмен кездесіп, 2:0 есебімен (6:4, 6:2) жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды.
Айта кетейік, 37 жастағы Стосур 2011 жылы US Open турнирін жеңіп алған, WTA рейтингінде төртінші орынға дейін көтерілген.
Қос теннисші өзара алғаш рет кездесіп отыр.
Рыбакина Олимпиада ойындарында алғаш рет өнер көрсетуде. Келесі айналымда ол Маяр Шериф (Египет) пен Ребекка Петерсон (Швеция) жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты