Бүгін, 15:57
Спорт

Қазақстандық желаяқ Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бұл сында БАӘ спортшысы Азия чемпионы атанды

Қазақстандық желаяқ Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында қашықтықты 54,58 секундта бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Отандасымыз БАӘ спортшысы Мариам Каримнен 0,27 секундқа қалып, екінші орын алды. БАӘ өкілі 54,31 секунд нәтижесімен Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Үшінші орынға Үндістан спортшысы Витья Рамрадж жайғасты. Ол да жеке рекордын жаңартып, 54,75 секунд уақыт нәтижесін көрсетті.