27.09.2026, 16:44
Спорт
Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Финалда олар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті
Фото: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Командалық сайыстың финалында қазақстандық шпагашылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Тартысты бәсеке 43:42 есебімен отандастарымыздың жеңісімен аяқталды.
Алтын медальді Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов жеңіп алды.
Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасы командалық есепте Азия чемпионатында да алтын медаль иеленді. Сонымен қатар әлем чемпионатында тарихта алғаш рет жеңімпаз атанды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді