25.09.2026, 23:21
Спорт

Милад Карими Азия ойындарында екінші медальдан бір қадам жерден тоқтады

Спортшы кермедегі жаттығуда 13,666 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды

Милад Карими Азия ойындарында екінші медальдан бір қадам жерден тоқтады
Фото: olympic.kz/ Никита Басов

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагоя Азия ойындарында тұғырдан бір қадам жерден тоқтады. Керме жаттығуының финалында ол 13,666 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алтын медальді 14,700 ұпай жинаған қытайлық Тянь Хао жеңіп алды. Күміс жапониялық Синноскэ Океге бұйырды – 14,033 ұпай. Филиппин өкілі Карлос Эдриэль Юло 13,666 ұпаймен қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін Карими еркін жаттығуда 14,600 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алған болатын. Бұл – Қазақстанның осы спорт түрінен Азия ойындарындағы 32 жылдағы алғашқы медалі. 1994 жылы Хиросимада Сергей Федорченко күміс жүлдегер атанған.

Карими үшін бұл Азия ойындарындағы еркін жаттығудағы алғашқы медаль болды. 2018 жылы Джакартада өткен ойындарда ол бесінші орын алған.