23.08.2026, 23:44
Спорт
Қазақстандық еркін күрес балуандары Словакиядағы U20 әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық балуандар әлем біріншілігінде екі жүлдеге қол жеткізді
Фото: olympic.kz
Братиславада (Словакия) осы күндері 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем біріншілігінде еркін күрес балуаны Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қола медаль үшін белдесуде қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Ұлықбек Рашидовты сенімді түрде жеңді. Сондай-ақ еркін күрес балуаны Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
Ал Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін) АҚШ өкілі Джеймс Мастниге есе жіберіп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 07:29
Астанада жаңбыр қарға ұласып, Шымкентте найзағай ойнайды: үш мегаполисте ауа райы құбылады
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
22.11.2026, 06:19
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте әлем чемпионы атанды
