28.07.2026, 21:19
Спорт
17 жастағы қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды
Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында венгриялық қарсыласын жеңді
Фото: olympic.kz
Қазақстандық Дияр Аманәлі Әзербайжанның Баку қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Дияр Аманәлі финалда Венгрия өкілі Кеве Ковачты жеңіп, әлем чемпионы атағын иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әлем чемпионатындағы екі медаль бар.
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әли Алмас күміс жүлдеге ие болған еді.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды