Бүгін, 15:18
Спорт

Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританияға жіберілген жаңа елшісін қабылдап, арнайы тапсырмалар берді

Әңгімелесу барысында президент қазақ-британ көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады

Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританияға жіберілген жаңа елшісін қабылдап, арнайы тапсырмалар берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, әңгімелесу барысында президент қазақ-британ көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады.

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде тиімді жүзеге асыруға, саяси диалогты жандандыруға, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтуге, сондай-ақ энергетика, көлік, инновация және білім салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге күш-жігерді жұмылдыруды тапсырды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, жуырда мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке Қазақстанның жаңа елшісін тағайындаған.