ӘЧ-2026: Жапония соңғы сәттерде Нидерландтың жеңісіне жол бермеді
Нидерланд құрамасы матч барысында екі рет алға шыққанымен, жапон футболшылары жігер танытып, кездесуді тең нәтижемен аяқтады
Нидерланд пен Жапония құрамалары 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы тур матчында жеңімпазды анықтай алмады. F тобындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, үзілістен кейін ойын қыза түсті. Кездесудің 50-минутында нидерландтық қорғаушы Вирджил ван Дейк есеп ашты. Алайда жеті минуттан соң шабуылшы Кэйто Накамура таразы басын теңестірді.
64-минутта Крисенсио Саммервилл еуропалық құраманы қайтадан алға шығарды. Дегенмен нидерландтықтар басымдықты сақтап қала алмады. Негізгі уақыттың аяқталуына бір минут қалғанда жартылай қорғаушы Даити Камада гол соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 2:2.
Алғашқы турдан кейін екі құрама да бір ұпайдан жинап, F тобындағы турнир кестесінің көш басына шықты. Кейінірек осы топта Швеция мен Тунис құрамалары өзара кездеседі.