Паралимпиада-2026: жарыстың соңғы күнінде кімдер сынға түседі
15 наурыз – жарыстың соңғы күні
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Бүгін, 15 наурыз – жарыстың соңғы күні. Қазақстан құрамасының көшбасшылары шаңғы жарысынан бақ сынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін жарыс жолына шығатын отандастарымыз:
13:15 – Пара шаңғы. 20 шақырымдық жеке жарыс. Спортшылар: Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин.
15:00 – Пара шаңғы. 20 шақырымдық жеке жарыс. Қатысушылар: Александр Герлиц, Владислав Кобаль, Нұрлан Әлімов.
16:20 – Пара шаңғы. 20 шақырымдық жеке жарыс. Спортшы: Анна Грачова.
Биылғы Олимпиада қазақстандық пара спортшыларымыз үшін өте сәтті өтті. 7 наурызда басталған додада отандастарымыз бірнеше рет үздіктер қатарынан көрінді:
13 наурызда Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанып, тарихи жеңіске жетті.
10 наурызда құрама қоржынына алғашқы қола медаль түсті.
Александр Герлиц, Нұрлан Әлімов және Владислав Кобаль өз дисциплиналарында әлемнің ең мықты ондығына енді.
Кеше, 14 наурызда өткен ашық эстафетада Қазақстан құрамасы 5-орынды иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан намысын биатлон және шаңғы жарысынан 7 спортшы қорғауда. Команданың ең ересек мүшесі 51 жаста болса, ең жас спортшы небәрі 17 жаста.