31.12.2025, 15:30
Спорт
Криштиану Роналду соңғы 15 жылда алғаш рет бір жылды хет-триксіз аяқтады
Роналду бүкіл футболдағы мансабында 66 хет-трик жасаған
Фото: cristiano/instagram
Сауд Арабиясының «Әл-Наср» футбол клубының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду 2025 жылды соңғы 15 жылда алғаш рет хет-триксіз аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл футболшы барлығы 41 гол соқты. Бұл туралы 30 желтоқсанда түркиялық Sporx порталы X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Нақтыланған мәліметке сәйкес, Роналду бүкіл футболдағы мансабында 66 хет-трик жасаған.
Оның 56-сы клубтық деңгейде, ал 10-ы Португалия құрамасының сапында тіркелген. Портал дерегінше, Роналдудың жыл сайын кемінде бір хет-трик жасап отыру сериясы 2009 жылдан басталған.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады