$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.12.2025, 21:21
Спорт

Бибісара Асаубаева тарихи жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Шахматшы блицтен үш мәрте әлем чемпионы атанды

Бибісара Асаубаева тарихи жеңісінен кейін мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/fide_chess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін турнирден алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылы Дохада өткен әлем чемпионатында Асаубаева үшінші рет әлемдік титулды иеленді.

Финалдан кейін Асаубаева жеңіс өзіне ерекше сезім сыйлағанын айтты. Оның сөзінше, бұл қуаныш ең асыл армандардың орындалуымен тең.

«Бұл керемет сезім! Жаңа жыл қарсаңындағы барлық тілегім орындалғандай», — деді шахматшы.

Шахматшының айтуынша, бұл титул оның спорттық карьерасындағы ең қиыны болған.

Еске сала кетейік, Бибісара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанды. Финалда қазақстандық шахматшы украиналық Анна Музычукты төртінші – соңғы партияда жеңді. Алдыңғы үш партия тең аяқталды.

Турнир Қатар астанасы Дохада өтті. Асаубаева алдымен швейцариялық жүйе бойынша өткен турнирде жеңіске жетті – 15 турдың қорытындысы бойынша ол жартылай финалға бірінші орынмен шықты.

Бибісара Асаубаеваны тарихи жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Серіктес жаңалықтары