$ 514.74  599.36  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2025, 16:34
Спорт

Шығыс Қазақстанда көркем гимнастикадан өткен «Шығыс грациясы – 2025» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

Малайзия, Ресей және Қазақстанның әр түкпірінен келген 500-ден астам спортшы қатысты

Шығыс Қазақстанда көркем гимнастикадан өткен «Шығыс грациясы – 2025» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында көркем гимнастикадан өткен «Шығыс грациясы – 2025» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тек дүбірлі дода ғана емес, сұлулық пен шеберліктің, жеңіске деген жігердің айқын көрінісіне айналған нағыз мереке болды. Малайзия, Ресей және Қазақстанның әр түкпірінен келген 500-ден астам спортшының қатысуы турнирдің жоғары мәртебесін дәлелдей түсті.

Шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов келіп, жарқын өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс білдірді.

«Осындай жарыстар жас спортшыларға шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуға, кәсіби тұрғыда жаңа белестерге ұмтылуға жол ашады. Баршаңызға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен үлкен жеңістер тілеймін!» – деді аймақ басшысы.

Ешкім де назардан тыс қалған жоқ: жүзден астам спортшы жүлдегер атанды.
Ал кәмелеттік жасқа толған гимнаст қыздар республикалық деңгейде көркем гимнастика бойынша спорт шебері атағын сәтті қорғады.

Серіктес жаңалықтары