07.12.2025, 11:11
Спорт
Қазақстандық таэквандошы әлем чемпионы атанды
Жарысқа 79 елден 452 спортшы қатысып жатыр
Фото: gov.kz
Қазақстандық таэквондошы Бейбарыс Қаблан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан U21 Әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа чемпионат
Бұл чемпионат 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет өткізілуде. Жарысқа 79 елден 452 спортшы қатысуда.
Бейбарыс Қаблан жарыстың алғашқы күнінде-ақ жеңіске жетті. Ол 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшы финалда Оңтүстік Кореяның өкілі Ян Чжуненді басып озып, әлем чемпионы атанды.
Чемпионат 3 желтоқсаннан 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Бейбарыс Қабланның бұл жетістігі – еліміз үшін таэквондо тарихындағы маңызды жеңістердің бірі.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды