ШұғылҚазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды

«Ақыл ойдың айнасы»: «Abai tv» ресми таныстырылды

Елде мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасының  ресми таныстырылымын өткізді.

Ақпарат кеңістігіне «Ақыл ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv»  телеарнасы ұлттық және әлемдік өнер мен мәдениеттің інжу-маржанын, түрлі ұлттардың әдеби және тарихи мұра жауһарларын, спектакль, балет сияқты бекзада өнер түрлерін қалың бұқараға ұсынады.

«Біздің жаңа телеарнамыздың жұмысы да осы қазіргі дәуірдің талабына бейімделеді. Зиялы қауымның басты борышы – қоғамға, әсіресе жастардың бойына тәрбиені, ізгілікті, отансүйгіштікті дарыту. Жаңа телеарна осы жолда сіздерге ұтымды құрал, ашық пікір алаңы болады деп ойлаймын. Осы тұрғыда «Абай» телеарнасының ашылуы ұлы кемеңгердің мерейтойы аясындағы шоқтығы биік шара деуге болады», - деді Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.

Жаңа телеарна Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылды және қазақстандықтарды ұлы Абай мұрасы, Қазақстанның және бүкіл әлемнің мәдениеті мен өнерінің жетістіктерімен таныстыруға  арналады. Осы бағыттағы «Абай жолын бірге оқиық», «Сарасөз» бағдарламалары жарыққа шықты. Одан бөлек, бағдарламалар кестесіне қазақ қаламгерлерінің драмалық шығармаларын талдауға арналған «Үркер», жастардың «Жыр майданы», қазақ музыкасы мәдениеті мен тарихы жайындағы «Музыка Великой степи», спектакльдер мен балет қойылымдарына арналған «Премьеры» бағдарламасы көрерменге жол тартты.

Телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 17 сағат (07:00-ден 00:00-ге дейін) хабар тарататын болады. Арна «Otau TV» ұлттық спутниктік операторы, «Alma TV», «ID TV» кабельдік желілері арқылы таралады.  www.abaitv.kz ресми сайты арқылы онлайн көру мүмкіндігі бар.

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады