ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:48
Қоғам

Курчатовтың мектептерінде оқушылар емін-еркін зиянды контент көріп жүрген

Абай облысында балаларды зиянды контенттен қорғау шаралары күшейді

Курчатовтың мектептерінде оқушылар емін-еркін зиянды контент көріп жүрген
Фото: istockphoto.com

Курчатов қаласының прокуратурасы төрт мектепте оқушылардың тыйым салынған интернет-ресурстарға еркін қол жеткізе алғанын анықтады. Тексеру нәтижесінде информатика кабинеттерінде қажетті контент сүзгілерінің орнатылмағаны белгілі болды. Соның салдарынан кәмелетке толмағандар суицид, зорлық-зомбылық және ересектерге арналған материалдары бар веб-беттерді ашуға мүмкіндік алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Прокуратураның ықпалымен аталған сайттарға кіру шектелді. Білім беру ұйымдарының басшылары ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Қала прокуратурасы ата-аналар мен мұғалімдерді балалардың интернеттегі белсенділігін бақылауға және оларды зиянды ақпараттан қорғау үшін қажетті шараларды қолдануға шақырды.

Серіктес жаңалықтары