13.11.2025, 13:19
Қоғам
Астаналықтар Бурабайға ұшақпен ұшып баруы мүмкін
Нақты шешім әлі қабылданған жоқ
Фото: istockphoto.com
Бурабай курортында шағын әуежай салынып, Астанадан тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл курорттың ең көркем жерлерінде 8 алаң, қазіргі заманғы веложол салынды. Ойын элементтері бар бірегей Бөлектау эко жаяужолы ашылды. Маусымда алғаш рет тікұшақ экскурсиясы іске қосылды. Сонымен қатар Астанамен тікелей қатынас орнату үшін шағын әуежай ашу мәселесі пысықталуда», - деді Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Облыс әкімі Щучинск-Бурабай курорты елде туризмді дамытудың үш орталығының бірі болып айқындалғанын атап өтті. Курорттық аймақты 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары бекітілген.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді