$ 524.65  607.02  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:50
Қоғам

Шахталардағы трагедия: кен өндіретін кәсіпорындар еңбек қауіпсіздігіне бюджетті ұлғайтады

Өнеркәсіптік компанияларға бақылау күшейеді

Шахталардағы трагедия: кен өндіретін кәсіпорындар еңбек қауіпсіздігіне бюджетті ұлғайтады
Фото: freepik.com

Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіретін кәсіпорындар еңбек қауіпсіздігіне көбірек инвестиция салуға міндеттеледі. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы жылдары елдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарда адам шығынына әкеп соғатын ауыр апаттар азаяр емес. «Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жомарт» шахтасындағы соңғы трагедияда төрт жұмысшы қаза тауып, бұл мәселенің өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті. Еңбек қауіпсіздігі, әсіресе Жұмысшы мамандықтар жылында, өнеркәсіптік саясатта басты басымдық болуға тиіс. Әрбір жұмысшы, шахтер не металлург болсын, мемлекет, ең алдымен жұмыс беруші тарапынан қауіпсіздікке кепілдік берілетініне сенімді болуы керек», – деді Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов.

Ол Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне апаттардың алдын алу шаралары, жұмыс берушілердің қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту және «Жомарт» шахтасындағы сияқты трагедиялардың қайталануына жол бермеу механизмдері туралы сұрақ жолдады.

«Еңбек қауіпсіздігі ерекше бақылауда. «Жомарт» шахтасындағы апат шынымен де еңбек қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды қажет ететінін көрсетті. Мен өзім апаттан кейін шахтаға бардым, пысықтауды қажет ететін кейбір мәселелер анықталды», – дейді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан.

Оның айтуынша, кейбір мәселелер ТЖМ құзыретіне кіреді, сондықтан бірлескен жұмыс тобы құрылған.

«Министрлік пен ТЖМ өкілдері келісімшарттарды қайта қарау комиссиялары құрамына кірді. Қазір шахталық әдіспен пайдалы қазба өндіру жоспарланған келісімшарттар мен жобалар аясында міндетті түрде еңбек қауіпсіздігіне инвестиция көлемі ұлғайтылады», – деп атап өтті вице-министр.

Серіктес жаңалықтары