$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:13
Қоғам

Елімізде қандай цифрлық құжаттардың заңдық күші болады

Адам өз еркін «цифрлық растау» арқылы білдіре алады

Елімізде қандай цифрлық құжаттардың заңдық күші болады
Фото: Azattyq Ruhy

Қазақстан цифрлық ортада заңды күші бар құжаттардың үш түрін айқындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжілісте бірінші оқылымда қаралған Цифрлық кодекс жобасында цифрлық ортадағы адамның негізгі құқықтары қамтылған. Олар ұмыту құқығы, яғни адамның өзі туралы деректерді өшіруі,  ақпаратқа қол жеткізу құқығы, цифрлық сәйкестілік пен құпиялылықты қорғау құқығы. Аутентификация мен идентификацияның құқықтық режимі күшейтіледі, оған көпфакторлы және биометриялық тәсілдер кіреді.

«Электрондық цифрлық қолтаңба қолтаңбаның жалғыз заңды түрі ретінде сақталады. Сонымен қатар, «цифрлық растау» санаты енгізіледі. Бұл жоғары заңдық мәні жоқ әрекеттер үшін ерік білдірудің жеңілдетілген түрі», - деді депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева.

Оның айтуынша, цифрлық ортадағы құжаттар бірнеше форматта болады:

  • ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжаттар қағаз нұсқасына теңестіріледі;
  • цифрлық құжаттар – ұлттық деректер базасынан автоматты түрде жасалатын құжаттар. Олар қағаз түрінде болмайды, бірақ көрсетілген сәтте түпнұсқа деп танылады.
  • цифрлық мәліметтер — сенімді мемлекеттік дереккөздерден алынған заңды мәні бар ақпарат.

Сондай-ақ Кодекс жобасында смарт-келісімшарттардың (өздігінен орындалатын цифрлық келісімдер) құқықтық режимі бекітіліп отыр. Ол дәстүрлі келісімшарттарды алмастырмайды, бірақ олардың орындалу тетігі ретінде қолданылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары