11.11.2025, 17:56
Қоғам
«Батырымыз, ініміз еді»: Атыраудың полициясы ерлікпен қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевті еске алды (ВИДЕО)
Жас полицей 2019 жылы наурызда бір әйелді құтқарамын деп мерт болған еді
Фото: Polisia.kz
Атырауда полицейлер қызмет бабында қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевті еске алып, оның суретіне гүлшоқтарын қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері батыр әріптесінің суретіне гүл шоқтарын қойып, оның ерлігін ілтипатпен еске алды», - деп хабарлайлы полиция.
Естеріңізге сала кетейік, марқұм полицей 2019 жылы 21 наурызы күні кешкі сағат 21:52-де Атыраудағы көпірдің бірінен секірмек болған әйелді байқап қалып, көмекке ұмтылған. Әйел аман қалғанымен полицей мұздан жағаға жүзіп жете алмай, су астына кеткен. Құтқарушылар оның денесін бірнеше сағаттан кейін төменнен тапқан еді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды