«Ақшасының көбін тамаққа жұмсайды»: Қазақстанға келетін туристер туралы қызық дерек тарады
«Kazakh Tourism» статистика жариялаған
«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы Қазақстанға келетін шетелдік туристердің негізгі шығындарына қатысты статистика таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, туристер ақшасының көбін (27%) Қазақстанның мейрамханалары мен дәмханаларында тамақ ішуге жұмсайды екен.
Сондай-ақ, туристер қаражатының 23% қонақ үй мен жатын орындар үшін төлейді.
«Тағы 23% шығын азық-түлік, кәдесый мен ұлттық өндірістің бұйымдары тәрізді тұтыну тауарларын сатып алуға кетеді. Қазақстанға ұшып келу үшін шетелдік туристердің негізгі бюджетінің 12% кетеді. Қазақстанның ішін аралауға саяхатқа алып келшен ақшаларының 4% жұмсайды», - деп хабарлайды компания.
Сондай-ақ, орта есеппен 3% шығын зергерлік әшекейлер, өнер туындылары және антиквариат тәрізді құнды бұйымдар сатып алуға кететін көрінеді.