Қазақстанда баспанаға берілетін зейнетақы жинағына қатысты өзгеріс болуы мүмкін
Құжат қоғам талқысына шығарылған
Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдерін ипотека бойынша негізгі қарызды өтеуге, ай сайынғы төлемді азайтуға және кредит мерзімін қысқарту үшін пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұйрық жобасын әзірлеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Министрлік қазақстандықтардың банктер алдындағы борыш жүктемесін азайту үшін зейнетақы жинағының артылған бөлігін ипотека бойынша негізгі қарызды өтеуге не ай сайынғы төлемді азайтуға не несие мерзімін қысқартуға пайдалануды ұсынып отыр.
Сонымен қатар, жаңа Салық кодексіне байланысты жеке тұлғалар зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын төлеуден босатылмақ.
Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін қоғам талқысына шығарылды.