СҚО-да қатырылған тефтеля тамағынан нәжіс табылды

Жарияланған:
30.10.2019, 17:23

Мамандар оны жұмысшылардың қарапайым жеке гигиена тәртібін сақтамағаннан болуы мүмкін екенін айтып отыр

Көрнекі фото

Солтүстік Қазақстан облысында «Максимальный размах CORPORATION» серіктестігінің қатырылған жартылай фабрикат өнімінде ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. Бактериялар адамның денсаулығына ғана емес, өміріне де айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Аталған өнім Солтүстік Қазақстан облысының сауда орындарында өткізілетін санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг барысында Астраханка ауылындағы «Домовенок» дүкенінің сауда сөрелерінен алынған. Өнім сапасын тексеру барысында оның құрамында ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталған. Эпидемиолог мамандардың айтуынша, мұндай жағдай қызметкерлердің жеке гигиена талаптарын сақтамаудан да туындауы мүмкін.

«Ішек таяқшалары өнім құрамында нәжіс барын білдіреді. Ол жұмысшылардың қарапайым жеке гигиена тәртібін сақтамағаннан болуы мүмкін немесе қондырғыларды, ыдысты жуу талабы орындалмаған. Тағы бір ескеретін жайт, бұл өнім – жартылай фабрикат. Оны 15 минут бойы қайнатқанда бактериялар өледі. Егер осы талапты орындаса, ол азық адам үшін қауіпті емес. Аталған өнімді «Калинин» жеке кәсіпкерлігі «Максимальный размах» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша әзірлегендігі анықталды. Қазір тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Аталған мекемеге қатысты жоспардан тыс тексеріс жұмыстары басталады», – дейді Петропавл қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

Мамандар тауар алынған дүкенде тамақты сақтау талаптары толық сақталғандығын айтады. Аталған факт бойынша тексеріс жұмыстары басталды. «Калинин» жеке кәсіпкерлігіне ескерту жасалған. Өндірушінің айыбы дәлелденсе, 230 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

«Максимальный размах CORPORATION» серіктестігі отандық тамақ өндірісі саласындағы ірі компанияларлың бірі. Оның Қазақстан қалалары мен көршілес Ресейде бірнеше филиалы бар. Серіктестік басшылығы аталған факт бойынша сұхбат беруден үзілді-кесілді бас тартты.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Олимп логиніне ақша аудару, балық, мал тезегі - Қазақстандағы пара берудің ерекше түрлері
«Туған жер»: астаналық оқушылар оңтүстік өңірдің киелі жерлерін аралап қайтты (ФОТО)
Kaspi Gold арқылы пара алатындар көбейген

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.