$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 18:33
Қоғам

Қоғамдық көліктер газ бен электр энергиясына ауыса ма?

Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес мүшелері есеп берді 

Қоғамдық көліктер газ бен электр энергиясына ауыса ма?

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, «Жасыл экономикаға» көшу аясында заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру мақсатында АӨК субъектілеріне инфрақұрылымды жеткізу және суару жүйелерін сатып алу шығындарының 50%-ын өтеу, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 10%-ын субсидиялау бойынша шаралар қабылданды. 2022 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 2 млн га дейін жеткізу жоспарланған. Бұған қоса күріш пен мақта сияқты суды көп талап ететін дақылдардың алқаптарын азайту жұмысы жалғасады.

«Фермерлердің озық жылыжай технологияларын енгізуін ынталандыру мақсатында жабдықтардың тиісті жүйелерін және кешенді шешімдерді сатып алуды көздейтін арнайы инвестициялық паспорт әзірленді. Жылыжай кешендерін салу және оларды кеңейту шығындарының 30%-ын өтеумен инвестициялық субсидиялар енгізілді. Жылыжай өндірісі нарығының көлемі 2,4 есе — 90 мың тоннадан 216,9 мың тоннаға дейін, ал жылыжай шаруашылықтарының ауданы 2,1 есе — 575,9 га-дан 1236,7 га дейін ұлғайды» , - делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда 180,1 млн га жайылым жерлерінің 106,2 млн га (59%) жері суландырылды. Жайылым жерлерін дамытуды ынталандыру үшін суландыру инфрақұрылымын құру шығындарының 80%-на дейін инвестициялық субсидиялау енгізілді. 2014-2019 жылдар кезеңінде жайылымдарды суландыру үшін 5978 құдық салынды, ал жоспарланған көрсеткіш — 3633.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ білім беру орталықтарында және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының базасында АӨК дамытудың барлық бағыттары, оның ішінде «жасыл» ауыл шаруашылығы қағидаттарын енгізу бойынша 25 мыңнан астам тыңдаушының қатысуымен 1400-ге жуық семинар өткізілді», - делінген хабарламада. 

Отырысқа қатысушылар қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, елді мекендерді газдандыру және «таза» көлікті дамыту арқылы ауаның ластануын төмендету мәселелерін қарады.

Кеңес Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешу жөніндегі жол картасының жобасын бекітті. Құжат Алматы қаласының 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО жаңғыртуды, Нұр-Сұлтан қаласының 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ға жеткізуші газ құбырларын салуды, су жылытатын және энергетикалық қазандықтарды газға ауыстыруды, ағаштарды кесуге қатысты рұқсат беру рәсімдерін күшейтуді, жасыл желектер алаңын ұлғайтуды, қоғамдық көлікті, коммуналдық қызмет көліктерін газға және электр энергиясына ауыстыруды, сондай-ақ басқа да шараларды қарастырады.

Серіктес жаңалықтары