$ 546.96  642.73  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2025, 11:33
Қоғам

Тоқаев Астанада өтіп жатқан халықаралық форумның атауын өзгертуді ұсынды

Форумның мақсат-міндеті өзгермейді дейді президент

Тоқаев Астанада өтіп жатқан халықаралық форумның атауын өзгертуді ұсынды
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумының атауын келесі жылдан бастап AI Bridge деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жасанды интеллект – қазіргі заманның ақиқаты. Алдағы жылдары да адамзат дамуының негізгі бағдары жасанды интеллектіге тікелей байланысты болатыны анық. Сондықтан келесі жылдан бастап форумды AI Bridge деп атаған жөн деп санаймын. Бірақ форумның мақсат-міндеті өзгермейді. Осы бірегей алаң технология саласындағы алпауыттар мен түрлі стартаптар, бизнес пен ғылым, мемлекет пен азаматтар арасындағы дәнекер болып қала береді», - деді Тоқаев Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында.

Оның айтуынша, форумның жаңа бағдары халықаралық ынтымақтастыққа тың серпін беріп, жасанды интеллектіні халқымыздың игілігі жолында тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

Айта кетері, биыл форумға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок,  Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стербулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері қатысып жатыр.

 

 

Серіктес жаңалықтары