$ 541.68  636.26  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 14:30
Қоғам

Қазақстанда онкоскрининг енді тегін болады

Үкімет тиісті қаулыға қол қойды

Қазақстанда онкоскрининг енді тегін болады
Фото: freepik.com

Биыл көктемде президент онкологиялық аурулардың скринингін кепілді тегін медициналық көмектің тізіміне қосу туралы құжатқа қол қойған болатын. Үкімет 23 қыркүйектегі қаулысына сай, осы тізімді бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сол қаулыға сай Қазақстандағы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің тегін көлеміне енеді.  

Айта кетейік, президент бұл заңға биыл 25 сәуір күні қол қойған болатын. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның бірінші блогы денсаулық сақтау саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары