26.09.2025, 14:08
Қоғам
Келесі аптада ЛРТ-ның бірнеше станциясы арасында қозғалыс басталады – Жеңіс Қасымбек
Әкімнің айтуынша, тест режим 3-6 ай аралығында өтеді
Фото: City Transportation Systems
Бір аптадан кейін Астанадағы ЛРТ-ның бірнеше станциясы арасында қозғалыс басталады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз келесі аптада, яғни, бір аптадан кейін тест режимінде бір-екі станцияның арасында пойыздардың қозғалысын бастаймыз. Жалпы тест режимі 3 айдан алты айға дейін созылады. Қазан айында қосымша сегіз пойыз келеді. Желтоқсанға дейін толғымен 18 құрам келеді», - деп мәлім етті Жеңіс Қасымбек.
Әкімнің жоспары ойдағыдай болса, ЛРТ келесі жылдың бірінші тоқсаны біткенше толық іске қосылады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды