$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2020, 17:11
Қоғам

Алматыда коронавирус жұқтырған 20 адам аса ауыр халде жатыр

Тағы 150 науқастың жағдайы ауыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 20 адам аса ауыр халде жатыр

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавируске шалдыққан науқастардың арасында ауыр халде жатқандары көп екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған 1388 адам Алматы ауруханаларында ем қабылдап жатыр. Олардың 20-сы аса ауыр халде болса, тағы 150 науқастың жағдайы ауыр. Қалғандарының жағдайын дәрігерлер орташа ауыр немесе қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

«Біз ауыр халдегі науқастар санының артуын зерттей келе, олардың көпшілігінде қант диабеті, жүрек-қан тамыр аурулары және өзге де дерттердің барын анықтадық. Сондай-ақ, ауыр халдегі науқастардың көбі егде жастағы адамдар, атап айтқанда, 80 пайыздан астамының жасы 60-тан асқан», - деді Камалжан Надыров.

Сондай-ақ, ол тағы 2365 адамның симптомсыз пациент екенін атап өтті. Олардың барлығы оқшауланған.

Серіктес жаңалықтары