Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың басым бөлігі 20-29 жастағылар – Надыров
Шаһарда науқастарды қабылдайтын орындар толуға шақ қалды

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 35%-ы – 20-29 жас аралығындағы жастар. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров мәлімдеді.
Оның айтуынша, науқастардың жас ерекшелігі төмендегідей болып отыр:
14 жасқа дейінгі балалар - 5,10%
15-19 жас - 4,70%
20-29 жас - 35,20%
30-39 жас - 19,10%
40-49 жас - 14,60%
50-59 жас - 12,70%
60 жастан жоғары - 8,80%
Оның сөзінше, виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасының мониторингіне 2986 адам қатысқан. Осы аптада қалада зертханалар қалпына келтіріледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тест санын күніне 10 мыңға дейін екі есеге арттыру жоспарлануда.
«Жалпы, Алматыда 573 ИВЛ (өкпені жасанды желдету) құрылғысы бар. Жедел медициналық көмек үшін тағы 18 ИВЛ мен 20 портативті желдеткіш жеткізіледі деп күтілуде. Әзірге 107 өкпені жасанды желдету құрылғысы бар», - деді Надыров.
Қазіргі уақытта уақытша провизорлық орындар 90%-ға, инфекциялық орындар 95%-ға толған. Қосымша орын ашу мәселесі пысықталуда.