Өскеменде халық емшісі емдеген зейнеткер өмірбақи мүгедек болып қалды
Халық емшісі оған 20 күн бойы екпе салған

Өскемендегі арнайы облыстық медициналық орталықтың дәрігерлері ауыр хәлде ауруханаға түскен 65 жастағы зейнеткердің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Анықталғандай, ер адам ауырған кезде дәрігерге емес, халық емшілеріне жүгінген.
«65 жастағы ер адам ауруханаға түскенде ес-ақылын жартылай ғана білді. Дәрігерлер менингит диагнозына күдіктеніп, дереу зерттеу жүргізді. Анықталғандай, зейнеткер 20 күн бойы халық емшісіне барып, емделген. Ол зейнеткердің омыртқасына 20 күн екпе еккен», - деп хабарлаған аурухананың баспасөз қызметі.
YK-news.kz жазғандай, дәрігерлер бірден зерттеу жүргізіп, бірнеше диагноз қойған: омыртқасы жансызданған, екінші дәрежелі менингит, басқа да ауыр сырқаттар.
«Орталықтың дәрігерлері ер адамды құтқарушы үшін терапия жүргізді. Науқас есін жиып, сөйлей бастады. Бірақ, ауруханаға кеш келгендіктен, екі аяғы жүрмей қалды, жамбасының жұмысы бұзылды», - деп хабарлайды аурухана.