Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Аталған мереке 2007 жылдан бері аталып өтіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

23 маусым – Қазақстан полицейлерінің кәсіби мерекесі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарында жұмыс істейтін бүкіл қызметкерді құттықтады.

Президент тәртіп сақшыларын батыл әрі өз қызметіне адал болуға шақырды.

«Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!» - деп жазды Қ. Тоқаев өзінің Twitter-парақшасында.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң қабылдады. Ол қазақстандық полицияның міндеттері мен функцияларын анықтаған алғашқы құқықтық құжат болды. 2007 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым – Полиция күні болып ресми түрде бекітілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.