16.09.2025, 17:45
Қоғам
«Қоныс құтты болсын!»: Тоқаев Көкшетауда жаңа пәтер алған отбасыны құттықтап, дәмнен ауыз тиді (ВИДЕО)
Президент сол үйдің балаларымен сөйлесіп, емін-еркін әңгіме құрды
Фото: Ақорда
Бүгін Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ескі үйінің орнына жаңа пәтер алған отбасыны құттықтап барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда президентпен сөйлескен тұрғындардың видеосын жариялап, жаңа үйлерді көрсетті.
«Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді аралап көріп, реновация бағдарламасы аясында жаңа қонысқа көшіп келген отбасылардың бірімен әңгімелесті», - деп хабарлайды Ақорда.
Жаңа пәтерге ие болған жас ананың айтуынша, бұрын олар барак типтес үйде тұрған еді. Енді міне, өзінің айтуынша, кең әрі жаңа үйге ие болған. Президент жас келіншекті қонысымен құттықтап, дәмнен ауыз тиді.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды