$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 14:20
Қоғам

«Ескісін аяқтамай жатып, жаңасын бастайды»: Пономарев атышулы «RAMS» компаниясының былықтарын ашты

«AMANAT» фракциясының мүшесі компанияның құрылыстарын тексеруді талап етті

«Ескісін аяқтамай жатып, жаңасын бастайды»: Пономарев атышулы «RAMS» компаниясының былықтарын ашты
Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Сергей Пономарев премьер-министр Олжас Бектенов пен Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының атына депутаттық сауал жолдап, RAMS құрылыс компаниясының қызметін тексеруді және мегаполистегі ретсіз құрылысты тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, аталған компанияның тұрғын үй кешендеріне қатысты шағымдар көп. Алматы тұрғындары электр мен су тапшылығына, автотұрақтың аздығына наразы.  

«Компания бұрынғы құрылыстарды аяқтамай жатып, жаңа алып нысандарды салуға кіріскен. Ең соңғысы – «Beyond» атты 40 қабатты мұнара. Бұл бастама қоғамда үлкен қарсылық туғызды. Депутаттардың араласуымен құрылыс уақытша тоқтап, тексеріс басталды», – деді Пономарев.

Ол сондай-ақ компанияның бұрынғы уәделері орындалмағанын айтып, компания жолдарды кеңейтпегенін, әлеуметтік нысандарды да салмағанын, аймақты көгалдандырмай қойғанын да ашық айтты.  

Депутаттың ұсыныстары:

  • соңғы бес жылда пайдалануға берілген «RAMS» нысандарының рұқсат құжаттары мен құрылыс сапасын тексеру;
  • Алматыда 40 қабатты «Beyond» мұнарасын салуға тыйым салу, бұл аумақты сквер немесе әлеуметтік нысан ретінде қарастыру.
  • Пономаревтің пікірінше, Алматының архитектуралық тұтастығы мен экологиялық теңгерімін сақтау үшін ретсіз құрылыстарды шұғыл тоқтату қажет.
Серіктес жаңалықтары