$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ТМД елдері ішінде Қазақстан такси ақысының қымбаттауынан көш бастады

Таксимен қатынайтындар саны да артқан 

ТМД елдері ішінде Қазақстан такси ақысының қымбаттауынан көш бастады
Фото: Freepik

Қаңтар - шілде аралығында қазақстандықтар 85,9 миллион рет такси қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Energyprom-ның жазуынша, ең көп такси қызметін Алматы тұрғындары пайдаланған. Олар 16,2 миллион рет таксимен жүрген, бұл елдегі жалпы көрсеткіштің шамамен 19%-на тең. Келесі кезекте Астана (13 млн), Алматы облысы (6,3 млн), Маңғыстау облысы (5,7 млн) және Шымкент (5 млн) тұр.  Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында -727 мың жолаушы тіркелген.

Такси бағасы бойынша Қазақстан әлемде 93-орында тұр. Орташа тариф 1 шақырымға 0,74 АҚШ доллары тұрады. Мәселен, Қырғызстанда – 0,23 доллар, Өзбекстанда – 0,28 доллар, Ресей мен Арменияда – 0,4 доллар шамасында.

Сарапшыларының пікірінше, Қазақстандағы такси бағасы ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие.

Бір жыл ішінде орташа тариф 11%-ға өскен, ал айлық динамикада 0,3%-дық шамалы төмендеу байқалған. Түркістан облысында баға 30%-ға артқан, ал Астана мен Алматы облысында ресми тариф өзгермеген.

Серіктес жаңалықтары