08.09.2025, 14:06
Қоғам
Жалағаштағы елді-мекен ресми түрде «ішімдік ішпейтін ауыл» мәртебесін алды
Таң ауылындағы жақсы өзгеріс туралы облыс прокуратурасы хабарлап отыр
Фото: freepik.com
Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Таң ауылы ресми түрде ішімдік сатпайтын ауыл мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, Таң ауылында ішімдік сатуды тоқтатуға аудандық прокуратура мен жергілікті халық бастамашы болған.
«Бұл бастама аясында ауыл кәсіпкерлері өз еріктерімен алкоголь сататын лицензияларынан бас тартты», - деп хабарлайды Қызылорда облысының прокуратурасы.
Прокуратура ұйымдастырған кездесулерде кәсіпкерлер мен ауыл ақсақалдары бастаманы бір ауыздан қолдап, ауыл ресми түрде жаңа статус алған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды