$ 535.13  627.44  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2025, 13:29
Қоғам

«Жылпостар көмек қолын созады»: Тоқаев «толық емес отбасы» пайда болғанда ажырасу күрт артты дейді

Президент «мемлекеттің бәріне көне беретін әлеуметтік саясатын» сынады

«Жылпостар көмек қолын созады»: Тоқаев «толық емес отбасы» пайда болғанда ажырасу күрт артты дейді
Фото: istockphoto.com

Бүгін Қазақстан халқына арнаған жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жеңілдік пайда болғанда ажырасқан отбасылардың саны күрт артқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекеттің көз алдындағыдан басқаны көрмей, бәріне көне беретін әлеуметтік саясаты жүзден астам түрлі жеңілдіктің пайда болуына әкеп соқтырды. Осы жеңілдіктерді әперемін деп «көмек қолын» созатын жылпостар да көбейді», - деген Тоқаев.

Осы ретте президент КСРО-ның ыдырағанына 35 жыл толса да ардагерлер жасарып бара жатқанын сынаған еді. Келесі сөзінде президент «толық емес отбасы» деген жеңілдік қате шешім болғанын айтты.

«Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасы деген жеңілдікке мұқтаж адамдар санатын ойлап тапқан еді.  Соның салдарынан, ажырасқан отбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде «көш бастаған» елдердің қатарына қосылдық. Мұндай мысалдар аз емес», - деді президент.

Сондықтан, Тоқаев Қазақстанның барлық аймақтарында «әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіру керек» деген тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары