Кеңес одағының құлағанына 35 жыл болды, ал біз кейбір ардагерлерге әлі жәрдемақы төлеп келеміз – Тоқаев
Президент әлеуметтік төлемдердің әділдігі туралы айтты

Бүгін «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялап жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір санаттағы әлеуметтік төлемдер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мысал ретінде президент Кеңес одағының аумағындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлерді атады.
«Біз бұрынғы Кеңес одағы мен оның аумағынын тыс әскери қақтығыстарға қатысқан азаматтарға әлі күнге дейін жәрдемақы төлеп, медициналық қызмет көрсетіп келеміз. Кеңес одағының құлағанына 35 жыл болса да ардагерлердің жасы жасарып, көбейіп кетті», - деді президент.
Дегенмен, осы ойының аяғында Тоқаев «мемлекет өзінің базалық міндетін орындаудан бас тартпайтынын» айтты.