$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 16:10
Қоғам

Астанада әкімдік бөлетін білім грантына құжат қабылданып жатыр

Құжаттарды ЖОО-дағы қабылдау комиссияларына тапсыру қажет

Астанада әкімдік бөлетін білім грантына құжат қабылданып жатыр
Фото: istockphoto.com

Астанада әкімдіктің мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавр бойынша жоғары оқу орнына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің ақпаратынша, құжаттар 11 тамызға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мына бағыттар бойынша өтініш береді:

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

  • физика мұғалімдерін даярлау;
  • психология.

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:

  • педагогика және психология;
  • мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі.

Астана халықаралық университеті:

  • педагогика және психология;
  • мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • физика мұғалімдерін даярлау;
  • математика мұғалімдерін даярлау;
  • информатика мұғалімдерін даярлау;
  • орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
  • психология.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:

  • бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • математика мұғалімдерін даярлау;
  • физика мұғалімдерін даярлау.

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:

  • бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • математика мұғалімдерін даярлау.

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті:

  • педагогика және психология;
  • мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • психология;
  • арнайы педагогтарды даярлау;
  • дефектолог;
  • логопед;
  • олигофренопедагог;
  • тифлопедагог;
  • сурдопедагог.

Ал резидентураға құжаттар 18-20 тамыз аралығында қабылданады.

Астана медицина университеті (резидентура):

  • ересектер мен балалардың анестезиологиясы мен реаниматологиясы;
  • ересектер мен балалардың офтальмологиясы;
  • отбасылық медицина;
  • неонатология;
  • ересектер мен балалардың шұғыл медицинасы;
  • ересектер мен балалардың психиатриясы;
  • ересектер мен балалардың жақ сүйек-бет хирургиясы;
  • патологиялық анатомия.

Естеріңізге салайық, 7 тамыз күні елімізде мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. 

Серіктес жаңалықтары