$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 14:07
Қоғам

Қазақстанда махаббат және есеппен үйленетіндердің саны белгілі болды

Жастар көбіне махаббатпен үйленеміз деген

Қазақстанда махаббат және есеппен үйленетіндердің саны белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда жастардың көбіне қандай мотивте үйленетіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ranking.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Зерттеуге сүйенсек, қазақстандықтардың көбі махаббатты басшылыққа алып үйленеді. Дереккөз бойынша, 2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелкен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға көп. Ең көп неке Алматы қаласында қиылған — 13,7 мың. Одан кейін Түркістан облысы (12,1 мың) мен Астана қаласы (10,9 мың) тұр. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында — былтыр бұл облыста бар болғаны 1,5 мың неке тіркелген.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының жүргізген әлеуметтік зерттеуі көрсеткендей, қазақстандықтар үшін отбасын құрудағы басты себеп – махаббат. Сауалнамаға қатысқандардың 59,9%-ы осы сезімді негізгі себеп деп атаған. Екінші орында –  көзқарас пен қызығушылықтардың ұқсастығы (17%), ал үшінші орында – бала сүюге деген ұмтылыс (10,7%).

Қаржылық жағдайды жақсарту үшін үйленетіндердің үлесі небәрі 5%, ал 1,9% некені қиын жағдайдан шығудың жолы ретінде қарастырады. Жоспарсыз жүктілікті себеп еткендердің саны – 1,2% ғана.

Серіктес жаңалықтары