$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:48
Қоғам

Қазақстан мектептерінде алғаш рет буллингке қарсы жаңа бағдарлама іске қосылады

Жүйе тоғыз өңірде сәтті сынақтан өткен

Қазақстан мектептерінде алғаш рет буллингке қарсы жаңа бағдарлама іске қосылады
Фото: istockphoto.com

Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебі мен колледжінде отандық «ДосболLIKE» антибуллинг бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарламаның мақсаты – оқушылар арасындағы буллингті (қорқыту, мазақ ету, қысым көрсету) азайту, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, достық қарым-қатынас пен құрметке негізделген орта қалыптастыру.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, бағдарлама халықаралық тәжірибелер мен еліміздегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген. Жаңа жүйе ең алдымен тоғыз өңірдегі 50 мектепте сынақтан өтіп, буллингтің алдын алу жүйесі құрылған. Сынақ барысында Астана, Алматы қалалары мен Абай, Жамбыл облыстарының мектептері ең жақсы нәтиже көрсеткен. Осы  мектептерде шағым → талдау → көмек жоспары → қадағалау үлгісі сәтті қолданылды.

«Біз «ДосболLIKE» бағдарламасын буллингтің алдын алудағы тұрақты құрал ретінде қарастырамыз. Апробация нәтижелері көрсеткендей, барлық тараптың – мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың бірге қатысуы жанжал деңгейін төмендетіп, сенім мен сыйластық мәдениетін қалыптастыруға және мектеп ортасын анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы етуге сеп болады», — дейді Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Бағдарлама аясында мамандарды даярлау көзделген. Қазірдің өзінде 2,5 мыңнан астам педагог, психолог және білім беру жүйесінің қызметкерлері оқытылған. Жыл соңына дейін еліміз бойынша 8 мыңнан астам маманды қамту жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары