$ 537.53  620.52  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2025, 18:00
Қоғам

«1 млн теңгенің грантын беремін»: Нұрлан имам шұғыл мәлімдеме жасап, халықтан көмек сұрады

Ол алаяқтарға алданбаңыздар деп дабыл қақты

«1 млн теңгенің грантын беремін»: Нұрлан имам шұғыл мәлімдеме жасап, халықтан көмек сұрады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Жастар арасында танымал имам Нұрлан Байжігітұлының атын жамылған алаяқтар Telegram-желісінде топ ашып, халықтан ақша жинай бастаған. Бұны көрген имам өзінің әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, алаяқтар Нұрлан имамның атынан жазба жариялап, 1 млн теңге көлемінде грант бөлінгелі жатқаны туралы ақпарат таратқан. Ол грантты алу үшін топқа мүше болу керек-мыс және жарна төлеу керек. Нұрлан имам бұның бәрі алаяқтық екенін айтып, сақтыққа шақырды.

«ҚМДБ-ның ресми өкілі ретінде менің аты-жөнімді жамылған алаяқтар Telegram желісі арқылы мұсылман қауымына еліміздің әр өңіріне 1 000 000 теңге көлемінде грант жариялап, мүшелікке тіркеу үшін жеке дерек көздерін талап ете бастапты. Қазір тегін жатқан дүние жоқ, ешкімге деректеріңізді бермеңіздер, баршаңызды мұндай ақпарат көздеріне сенбеуге, алданып қалмауға шақырамын. Алдағы уақытта осы тұрғыдағы күмәнді ақпараттар алдарыңыздан шығып жатса, бірден Muftyat.kz немесе маған тікелей хабар берулеріңізді сұраймын», - деп жазған Нұрлан имам.

Ол бұл ретте осы фейк ақпаратты байқап, мешітке хабар берген адамдарға алғыс айтқан.

Серіктес жаңалықтары