Оның мәйіті былтыр қыста Талғар маңынан табылған
Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтап қалған. Бұл туралы сол отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Нұрқанаттың ісі тоқтатылған! Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз», - деп жазды Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Талғарда он алты жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Араға екі ай салып Талғар маңынан Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылған. Ресми органдар ер адамның асылып қалғанын хабарлап, марқұмның өлер алдында туыстарына жазған хатын жариялаған. Алматы облысының полициясы осы факті бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.
Жуырда Шерзат Полатты өлтірген қылмыскерлерге қатысты сот үкімі жарияланды.
Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 айға сотталып, жуырда түрмеден босап шықты.