$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2025, 11:00
Қоғам

Қазақстанда эконом санаттағы үйлер қымбат емес – Скляр

Салық кодексі тұрғын үй құрылысына әсер етпейді дейді ол

Қазақстанда эконом санаттағы үйлер қымбат емес – Скляр
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр келесі жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексі қарапайым азаматтардың қалтасына салмақ түсірмейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында журналистер 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты тұрғын үй бағасы көтеріліп кетпей ме деп сұрады.

Склярдың айтуынша, Салық кодексі қарапайым халыққа әсер етпейді.

«Жаңа Салық кодексі қарапайым азаматтарға және тұрғын үй құрылысына ешқандай әсер етпейді. Біз биыл 19 млн шаршы метр үй саламыз. Үйдің бағасын нарық реттейді, алайда тапсырыс беруші ретінде мемлекеттің жекеменшік құрылыс компанияларынан үй сатып алуы шамамен он жыл бойы өз әсерін береді. Үйдің бағасы бізде қымбат емес. Мен қазір бизнес класс немесе элиталық үйлерді емес, эконом кластағы үйлерді айтып тұрмын. Эконом санаттағы үйлердің бағасы қанша болуы керек болса, сонша тұрады. Және біз бағаның күрт құбылуын байқап отырған жоқпыз», - деп жауап берді вице-премьер.

Серіктес жаңалықтары