$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2025, 13:42
Қоғам

«Толық күн демалыс жариялай алады»: үкіметтегілер 31 желтоқсан туралы көзқарасын жариялады

Бұл шешімді әр мекеме өзінің ішкі құжаттары арқылы реттей алады дейді шенеуніктер

«Толық күн демалыс жариялай алады»: үкіметтегілер 31 желтоқсан туралы көзқарасын жариялады
Фото: freepik.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментіндегі басқарма жетекшісі Шалқар Оразбеков журналистердің сұрағына жауап бере отырып, 31 желтоқсанды ресми демалыс деп жариялау туралы пікірін айтты. Оның айтуынша, үкімет Жаңа жыл қарсаңындағы күнді ресми түрде демалыс етіп жарияламайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«31 желтоқсан күнге мереке статусын беру туралы мәселе бірнеше рет қаралып, халықаралық тәжірибені зерттеді. Осы халықаралық тәжірибені ескере отырып, біз 31 желтоқсанды жұмыс күні ретінде қалдырдық. Ресейді қоспағанда, көп елдерде 31 желтоқсан жұмыс күні, ал 1-2 қаңтар демалыс», - деді ол бүгін үкіметтегі баспасөз мәслхатында.

Дегенмен, шенеуніктің айтуынша, еліміздегі әрбір мекеме ішкі құжаттары арқылы 31 желтоқсан күнді демалыс деп жария алайды.

«Кейбір кәсіпорындар 31 желтоқсанды толық демалыс немесе жартылай демалыс күн ретінде жариялай алады. Ресми түрде ел бойынша 31 желтоқсанды демалыс деп бекіту жоспарланбаған», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары