$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2019, 21:19
Қоғам

Президент Мәскеу халықаралық қатынастар университетіне қалай оқуға түскенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің 75 жылдығына арналған деректі фильмде қалай оқуға түскенін, алған білімі өзінің өмірінде қандай рөл атқарғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап

Президент Мәскеу халықаралық қатынастар университетіне қалай оқуға түскенін айтты
Фото: скрин

«Жуырда «Бірінші арнаның» эфирінен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің 75 жылдығына арналған «МГИМО на всех языках мира» атты деректі фильм көрсетілді.  Фильмнің түсірушілері осы бірегей жоғары оқу орнының көптеген атақты түлектерімен кездескен. Олардың ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та бар. Қазақстан Президенті аталған жоғары оқу орнына қалай оқуға түскенін, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінде алған білімі өзінің өмірінде қандай рөл атқарғанын айтты», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, фильмде Мемлекет басшысынан бөлек осы оқу орнының белгілі түлектері – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчак, РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және басқа да ірі саясаткерлер мен бизнесмендер өздерінің студент кездеріндегі естеліктерімен бөліскен.

Серіктес жаңалықтары