Жамбыл облысында екі полицей көл ортасында тасқа «жабысқан» баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)

Бала балық аулап отырып, көлге құлап кеткен

Жамбыл облысында екі полицей көл ортасында тасқа «жабысқан» баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Жамбыл облысында балық аулауға барған  жасөспірім көлге құлап кетті. Ол тасқа ілініп қалып, өздігінен жағаға шыға алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, оқыс жағдай туралы хабарлама «102» арнасына түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері Маханбет Шаянбаев пен Қасымхан Қалаубек ойланбастан суға секіріп, баланы аман алып қалды.

«Жасөспірімді жедел жәрдем бригадасына тапсырдық. Қазір оның жағдайы жақсы. Жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге жедел әрекеті мен батылдығы үшін алғыс білдірді», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі

Айта кетейік, жуырда Абай облысында полиция қызметкерлері Үржар ауданында жоғалып кеткен жеті жастағы баланы тапқанын хабарладық. Ол елдімекеннен бірнеше шақырым қашықтықтағы ауыл шаруашылығы алқабынан табылған.