Алдын-ала кесте: 2027 жылы Рамазан айы сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді
Мүфтият 2027 жылға арналған діни мерекелер күнтізбесін бекітті
2027 жылы қасиетті Рамазан айы алдын ала есеп бойынша сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді. Ал Ораза айт 9-наурызда басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылдағы діни мерекелердің күнтізбесін жария етті.
Сол күнтізбеге сай, биыл Рамазан айы алдын ала есеп бойынша 8-ақпанда басталып, 8-наурызда бітеді. Қадір түні не бесінші, не алтыншы наурызға дөп түсуі мүмкін. Ораза айт 9-наурызда басталады.

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалады. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күн шегерілуі немесе алға жылжыуы мүмкін», - деп ескертеді мүфтият.