05.06.2025, 16:36
Қоғам
Үкім жарияланды: сотталғандар Шерзаттың отбасына қанша көлемде өтемақы төлейді
Оларға моралдық өтемақыны төлеуге екі ай берілді
Фото: видеодан скриншот
Бүгін Талдықорған сотында судья Ержан Жанұзақов Шерзат Полаттың ата-анасы мен әжесінің сотталғандардан моралдық және материалдық залал өндіріп алу туралы талап-арыздарын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Азаматтық талап қоюшылар Нұрымов, Бишимбиева және Кадированың моралдық және мүліктік залалды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылсын", - деді судья.
- Жауапкер Абзал Шынасылдан талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишимбиева және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 20 млн теңгеден моралдық зиян өндірілсін.
- Жауапкер Равиль Сәкиевтен талап қоюшылар Қаржаубай Нұрымов және Жұмабике Кадированың әрқайсысының пайдасына 15 млн теңгеден моралдық зиян өндірілсін.
- Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Равиль Сәкиевтан ортақ тәртіппен Гүлбара Бишимбиеваның пайдасына 10 млн теңге моралдық зиян өндірілсін.
- Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет ортақ тәртіппен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал өндірілсін.
- Жауапкерлер Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтан ортақ тәртіппен Жұмабике Кадированың пайдасына 10 млн теңге моралдық залал өндірілсін.
Моралдық өтемақыны өз еркімен төлеу үшін екі ай берілді. Осы мерзімде төленбесе, сот актісі мәжбүлі түрде орындалады.
Қылмыстық істің басты фигуранты Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Көп оқылған
29.04.2026, 14:15
Мамыр айының алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
29.04.2026, 09:28
Қостанай облысында зейнеткер әйел өзін асырамаған қызын сотқа беріп, алимент өндіріп алды
29.04.2026, 12:50
«Онсыз да қиналып жүр емес пе!?»: Астанадағы онкология орталығы науқастарға манго жемісін 6330 теңгеден сатып жатыр
29.04.2026, 07:24
Үсік, нөсер және жел: 29 сәуірде Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
29.04.2026, 06:28
Түркістан облысында шибөрі екі бала мен бір ер адамды талап тастады