$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2025, 17:03
Қоғам

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапқаны ресми расталды

Олар жолда қатты жылдамдықпен келе жатып апатқа ұшыраған

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапқаны ресми расталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның 20-21 жастағы төрт азаматы Оңтүстік Кореяда жол апатынан қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шетелдік БАҚ қайғылы оқиға туралы наурыз айының соңында хабар таратқан болатын.

«Осыдан бір жарым не одан көп ай бұрын біздің төрт жас жігіт жол апатынан қаза тапты. Олар автожолда қатты жылдамдықпен жүріп келе жатып, бағанға соғылған. Бәрі сол жерде мерт болды. Біз туыстарына көмектестік, консулымыз барлық мәселені оларға түсіндіріп берді», - деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қаза тапқан отандастарымыз – 20-21 жастағы жігіттер. Оңтүстік Кореяда әртүрлі мақсатпен барған: біреуі студент, кейбірі жұмыс істеп жүрген.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның төрт азаматы Оңтүстік Кореяда жантүршігерлік жол апатынан қаза болғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары